Актасты орта мектебі қамқоршылық кеңес » Райымбек ауданының «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы Кеген ауданы
Ақтасты орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2019

Актасты орта мектебі қамқоршылық кеңес



kamkor-hattama-2.doc [36 Kb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: kamkor-hattama-2.doc

“Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық  кеңес  мәжілісінің  №2  хаттамасы


10/12-2018  жыл                                                                                

орны  физика кабинеті


Төрағалық етуші:   Р.Абдрахманов

 Мәжіліс хатшысы:   С.Ашкеева


Қатысты:

1.  “Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің директоры    Абыканова.Н.Қ

2. Тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Калимова.С.М

3. 20  адам – 1-11 сыныптардың           ата-аналар  комитетінің өкілдері.

1.     Қоғабекова.Ж – 1 сынып            ата-аналар  комитетінің өкілдері.

2.     Тоқарбаева.А – 2 сынып             ата-аналар  комитетінің өкілдері.

3.     Жылыбаева.Э – 3 сынып            ата-аналар  комитетінің өкілдері.

4.     Кенбаева.С – 4 сынып                 ата-аналар  комитетінің өкілдері.

5.     Мыңбаева.Д – 5 сынып               ата-аналар  комитетінің өкілдері.

6.     Аталықова.К – 6 сынып              ата-аналар  комитетінің өкілдері.

7.     Малдыбаева.А – 7 сынып           ата-аналар  комитетінің өкілдері.

8.     Алғожаева.М- 8 сынып               ата-аналар  комитетінің өкілдері.

9.     Дүйсебаева.К – 9 сынып             ата-аналар  комитетінің өкілдері.

10. Айтыбарова.Л –10 сынып           ата-аналар  комитетінің өкілдері.

11.  Ақынбай.Г – 11 сынып               ата-аналар  комитетінің өкілдері.

Қатыспағандар:  жоқ

Шақыртылды:

1. Абдрахманов.Р – Кеген ауданының  құрметті азаматы, зейнеткер мұғалім, қамқоршылық кеңестің төрағасы

2. Шаршеева.А – Зейнеткер мұғалім, қамқоршылық кеңес  төрағасының  орынбасары

3. Нақысбеков – Тасашы селолық округінің  бас  маманы

4. Алипов.Ж – Кәсіпкер

5. Сабырбекова.Г - Әйелдер кеңесінің төрайымы

6. Байсемизова.А – Кәсіподақ  ұйымының  төрайымы 

7. Үстенов.Қ – Ауыл имамы

8. Айтуғанова.С – Ата-аналар комитетінің төрайымы

9. Ашкеева.С – Кеңес  хатшысы

10. 1-11 сыныптардың ата-аналар комитетінің өкілдері


Күн тәртібі:

1.     Мектеп директоры Н.Қ.Абыканованың есебі

2.     Мектеп  директоры  Н.Қ.Абыканованың “Табысты көрсеткіш” жобасын қорғау


Тыңдалды:

   1-ші мәселе бойынша “Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Абыканова Нұргүл Қырықбайқызы толық мәлімдеме жасап өтті.

    2018-2019  оқу жылында мектепке бекітілген мөлтек аудандар шегінде 0-18 жас аралығындағы  балаларды есепке алу жұмыстары жүргізіліп, аз қамтылған 29 бала –13 отбасында, көп балалы 17 бала –5 отбасында , толық емес жанұя 4 бала –4 отбасында, табысы аз 5 бала –2 отбасында анықталды. Осы аз қамтылған жанұя балаларына қайырымдылық көрсету  мақсатында 2018 жылдың 1 тамызынан –30 қыркүйек аралығында “Менің таңдауым-балаларға  көмек көрсету!” тақырыбында акция ұйымдастырылды. Акция барысында 31200 теңге қаржы жиналып, жартылай жетім балаларға  оқу-құрал жабдықтары алынып берілді. 

   Мектеп  ұжымының демеушілігімен аз қамтылған отбасы балаларын шағын орталыққа тегін тамақтануын қамтамасыз етуде қыркүйекте – 10800, қазанда –19500, қарашада –18900, желтоқсанда –18900 теңге қаржы жұмсалды. Аз қамтылған отбасы балаларын  “Нұрлы жаз-2018” жазғы сауықтыру лагерінде “Казмясо  ЖШС”- нің директоры  Төлеген Бозжановтың  демеушілігімен 4 оқушы 160 000 теңгеге “Тау Жаңашар” лагеріне демалып, 11 оқушы  міндетті білім беру қорынан тегін  “Ақкөл” лагерінде  демалды.Аз қамтылған  отбасы балалары қамтылды. Мектеп ұжымының демеушілігімен 80 000 теңге қаржыға 1 оқушы Астана қаласына үш күндік саяхатқа барып қайтты. 3 жартылай жетім, 5 көп балалы отбасы балалары міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Шешті:

1.     1-ші мәселе бойынша аз қамтылған отбасы балаларына қайырымдылық көрсету, демеушілер тарту кеңес мүшелеріне тапсырылсын.

2.     Мектеп  директоры   Н.Абыканованың есебі еске алынсын.


Тыңдалды:

 2-ші мәселе  бойынша мектеп директоры  Н.Абыканова слайд арқылы “Табысты көрсеткіш” жобасын қорғады.


Сөз  сөйледі:

  Мектеп  директоры  Н.Абыканова – “Табысты көрсеткіш” жобасының  мақсаты:  Білім беру  мазмұнын жаңарту аясында  мектептің дарынды оқушылары мен шығармашыл ұстаздарын нәтижелі еңбекке  жетелеу, мектептің жетістіктер көрсеткішін ұлғайту. Міндеттері:дарынды оқушылармен жұмыстың нәтижелілігіне қол жеткізу. Педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін арттыру. Аудандық, облыстық пәндік олимпиадалар,  ғылыми жоба жарыстарында оқушылардың жүлделі орындарға ие болу арқылы мектеп  көрсеткіштерін жоғарлату. Мұғалімдердің кәсіби байқауларда,  педагогикалық оқуларда, конференцияларда  нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу. Мектебімізде осы мақсат, міндеттерді басшылыққа  ала отырып жоспарлы, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде аудандық олимпиададан математика, физика пәндерінен, аудандық ғылыми жоба жарысында дүниетану пәнінен 3 оқушы І орынды жеңіп алып, облысқа жолдама алды.

  Қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Қ.Байбекова  облыстық семинарға қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.

                                                            Шешті:

   Аз  қамтылған  отбасы  балаларына, дарынды  балалардың жарыстарға  апару  кезіндегі жол  шығындарын, оқушылар арасындағы спорттық  жарыстарға  демеушілік көрсетуге демеушілер тарту кеңес  мүшелеріне  тапсырылсын.




Қамқоршылық  кеңестің  төрағасы                               Р.Абдрахманов

                 Қамқоршылық  кеңестің  хатшысы                               С.Ашкеева






 

“Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық  кеңес  мәжілісінің  №3  хаттамасы


20/05-2019  жыл                                                                                орны  физика кабинеті


Төрағалық етуші:   Р.Абдрахманов

 Мәжіліс хатшысы:   С.Ашкеева


Қатысты:

1.  “Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің директоры    Абыканова.Н.Қ

2. Тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Калимова.С.М

3. 20  адам – 1-11 сыныптардың           ата-аналар  комитетінің өкілдері.

12. Қоғабекова.Ж – 1 сынып            ата-аналар  комитетінің өкілдері.

13. Тоқарбаева.А – 2 сынып             ата-аналар  комитетінің өкілдері.

14. Жылыбаева.Э – 3 сынып            ата-аналар  комитетінің өкілдері.

15. Кенбаева.С – 4 сынып                 ата-аналар  комитетінің өкілдері.

16. Мыңбаева.Д – 5 сынып               ата-аналар  комитетінің өкілдері.

17. Аталықова.К – 6 сынып              ата-аналар  комитетінің өкілдері.

18. Малдыбаева.А – 7 сынып           ата-аналар  комитетінің өкілдері.

19. Алғожаева.М- 8 сынып               ата-аналар  комитетінің өкілдері.

20. Дүйсебаева.К – 9 сынып             ата-аналар  комитетінің өкілдері.

21. Айтыбарова.Л –10 сынып           ата-аналар  комитетінің өкілдері.

22.  Ақынбай.Г – 11 сынып               ата-аналар  комитетінің өкілдері.

Қатыспағандар:  жоқ

Шақыртылды:

1. Абдрахманов.Р – Кеген ауданының  құрметті азаматы, зейнеткер мұғалім, қамқоршылық кеңестің төрағасы

2. Шаршеева.А – Зейнеткер мұғалім, қамқоршылық кеңес  төрағасының  орынбасары

3. Нақысбеков – Тасашы селолық округінің  бас  маманы

4. Алипов.Ж – Кәсіпкер

5. Сабырбекова.Г - Әйелдер кеңесінің төрайымы

6. Байсемизова.А – Кәсіподақ  ұйымының  төрайымы 

7. Үстенов.Қ – Ауыл имамы

8. Қоғабекова.Ж – Ата-аналар комитетінің төрайымы

9. Ашкеева.С – Кеңес  хатшысы

10. 1-11 сыныптардың ата-аналар комитетінің өкілдері


Күн тәртібі:

3.     Мектеп директоры Н.Қ.Абыканованың есебі





Тыңдалды:

 1-ші мәселе бойынша  “Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің директоры    Абыканова.Н.Қ  толық  мәлімдеме  жасап  өтті.

  Ақтасты  орта  мектебінде  көп  балалы, тұрмысы  төмен,  әлеуметтік  аз  қамтылған  жанұяларды  анықтау  туралы  мектептің №124  бұйрығын  орындау  нәтижесінде  соған  орай  жұмыстар  атқарылып, аз  қамтылған -22  отбасы  ондағы  бала  саны -52,  жартылай  жетім-1 отбасы, бала  саны -2,көп  балалы -15 отбасы, бала  саны-42,табысы аз – отбасы, бала  саны-6, толық  емес  отбасы-4, бала саны-4 екендігі  анықталды. 2018-2019  оқу  жылында оқушылардың  әлеуметтік  жағдайын  ескере  отырып комиссияның шешімімен аз  қамтылған  отбасындағы 52  баланың 8-і  міндетті білім  беру қорынан  бөлінген тегін  ыстық  тамақпен тамақтанып  отыр.Биылғы  оқу  жылында  міндетті білім  беру  қорынан 90850 көлеміндегі ақшаға 23 қыстық  куртка  берілді.Олар  көп  балалы отбасынан шыққан  17-балаға және  жартылай  жетім  отбасынан шыққан 3-балаға толық емес отбасынан 1-балаға, табысы  аз  отбасынан 2-балаға таратылды.

  Жаңа  жыл  мерекесі  қарсаңында «Қайырымдылық  шыршасы» өткізілді.Онда 80 000 теңге  көлеміндегі ақшаға  көп  балалы, табысы аз, жартылай жетім, табысы  аз  отбасыларынан шыққан 9-балаға қыстық аяқ киімдермен жылы  курткалар табыс етілді.10-қаңтар мен 10-ақпан  аралығында өткен «Қамқорлық акциясы»  кезінде 30 000 мың теңге көлемінде мектеп ұжымының демеушілігімен түскен ақшаға аз қамтылған  оқушыларға оқу-құралдары алынып беріліп, 1,2,3,4 сынып  оқушылары тегін ыстық тамақпен тамақтанады.Биылғы  оқу  жылының  басынан «Ботақан» шағын орталығына  келіп  жүрген көп  балалы, тұрмысы  төмен, әлеуметтік  аз  қамтылған отбасының үш  баласын мектеп  ұжымының  демеушілігімен ай  сайынғы  төлемін төлеп  отыр.Көп  балалы  отбасынан  шыққан 4 сынып  оқушысы Қыдырбай  Диасты Алматы  қаласындағы «Бөбек»Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және  сауықтыру орталығына  6-27  ақпан  уақыт  аралығындағы сауықтыруға  жіберілді.Бала  тәрбиесіндегі әкенің рөлі және  зиянды  заттардың зардабы туралы  мектебімізге әкелермен  жиналыс  болды.Онда  әкелер отбасындағы өз  рөлдерінің жоғары  екені жөнінде пікірлерін ортаға  салды.Зиянды  заттардың денсаулыққа зардабы туралы бейнежазбалар көрсетілді. 12/02-2019 жылы көп  балалы, тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасынын аналарымен  кездесу  өткізілді.Онда  көп  балалы,тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасы  балаларының сабақ  үлгерімі,мектепішілік мәдени және спорттық шараларға қатысуы және оқу-құралдарымен, мектеп  формаларымен  қамтылуы, сауықтыру  лагеріне тартылуы  туралы пікірлер айтылды. 22 наурызда Ұлыстың  ұлы  күні мерекелік думанда ауыл  жастары  қайырымдылық  жасап, аз  қамтылған  отбасынан  шыққан  8  оқушыны көктем  мезгілінде киетін аяқ  киіммен  және  5  отбасын  азық-түлікпен  қамтыды.

  2018-2019 оқу  жылында  аз  қамтылған отбасы балаларынан 4  бала  міндетті білім  беру  қорынан, 6 бала демеушілікпен, 20 бала  ата-ана демеушілігімен мектеп  жанындағы ыстық  тамақпен қамтылған, лагерьде  демалғалы  отыр.

                                                            Шешті:

   Аз  қамтылған  отбасы  балаларына, дарынды  балалардың жарыстарға  апару  кезіндегі жол  шығындарын, оқушылар арасындағы спорттық  жарыстарға  демеушілік көрсетуге демеушілер тарту кеңес  мүшелеріне  тапсырылсын.

Мектеп  директоры   Н.Абыканованың есебі еске алынсын.



Қамқоршылық  кеңестің  төрағасы                               Р.Абдрахманов

                 Қамқоршылық  кеңестің  хатшысы                               С.Ашкеева




Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив