Әдістемелік жұмыстар » Райымбек ауданының «Ақтасты орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы Кеген ауданы
Ақтасты орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
август
2022

Әдістемелік жұмыстар

«Алматы облысының білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтасты орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 -2022 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға анықтама
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесінің №386 26.08-2021 жылғы хатын басшылыққа ала отырып «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу . 2021 жылғы 25 тамыздағы №36(1,2,3 қосымшалар) бұйрығын басшылыққа ала отырып мектебімізде штаттық форматта оқу жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20.08. 2021 жылғы №415 (1,6,31 қосымшалары) ,8.11.2012 жылғы №500 (1-11 сыныптар), 12.05.2020 жылғы №195(1 –қосымша), 20.12.2012 жылғы №557 (мектепалды даярлық сыныбы) бұйрықтарына сүйене отырып , 2021-2022 оқу жылының үлгілік оқу жоспары жасалынып, мұғалімдерге апталық жүктемелер бөлініп берілді. Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің , таңдау және факультативтік курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрықтарына өзгертулер енгізу және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 16.09 -2021 жылғы №472 бұйрығына сүйене отырып мектептің оқу-тәрбие жоспарлары,күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар,қысқа мерзімді жоспарлар жасалынды.
Мектептің материалдық-техникалық базасы. Оқу жылы барысында пән кабинеттері көрнекіліктермен толықтырылып отырды. Биылғы оқу жылында мектептің материалдық-техникалық базасы жаңа ноутбуктермен толығып оқу-тәрбие процесінде пайдалануда.Мектепке кабельді интернет тартылып,WI-FI құрылғылары орнатылды,алайда жылдамдық тқмен,кейбір функциялары мүлде істемейді. Мектебімізде барлығы 15 жаңа типті компьютерлермен қамтамасыз етілген. 3 балаға 1 компьютерден келеді. Интернет жүйесіне қосылған 1 кабинет бар. Информатика кабинеті. Жаңа құрылғылармен физика, химия кабинеттері жабдықталған.
Мектеп жасындағы оқушыларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту. Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жылдың басындағы аудандық білім бөліміне берілетін жылдық есеппен және ұлттық білім беру деректер қорының толтырылуы бойынша жұмыстар жүргізіледі.Тізім жасалып, ауыл әкімімен бекітілді. Ауыл 5 мөлтек ауданға бөлінген. Мұғалімдер бекітіліп берілген мөлтек аудандарды аралап, 0-17 жас аралығындағы балалар тізімін нақтыланды. 6-17 жас аралығындағы оқушылар туралы (ф №1) сандық мәлімет даярланды.Сандық мәліметті төмендегі кестеден көруге болады:
Барлығы
0-18 жас

Оның мектеп жасын
дағысы Осы мектепте
Оқитын. саны Колледжде оқиды Сырт мектепте оқитыны Үйден
оқитыны 0-6 жас МАД Шағын
орталық Үй
тәрбиесінде
138 89 80 6 3 - 58 9 25 24

.
Тоқсандық оқушылар қозғалысы туралы мәліметтер жинақталып, келген-кеткен оқушылардың анықтама қағаздары толық алынды.Қозғалыс есебі мен оқушылардың жалпы саны сәйкестендіріліп, жартылай жетім,әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы жанұядан шыққан балалар саны нақтыланып, ауыл әкімімен келісілген тізімдері жасалынды. Жалпыға бірдей білім беру заңына сәйкес мектеп бойынша оқушылар арасынан жетім, толық емес, аз қамтылған және көп балалы жанұядан шыққан оқушылардың тізімі алынып аудандық округ әкімімен келісіліп, бекітілді. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету және республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізу мақсатында мектепшілік бұйрығы шығарылып, акцияны ұйымдастыру комитеті мен іс-шаралар жоспары құрылып,бекітілді. Акция барысында аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығы және оған уақытында қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке келмей қалудың алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдері өздеріне бекітілген шағын аудандарды аралап, рейдтер жүргізді.
Міндетті білім беру ісі. 2021-2022 оқу жылын 81 оқушымен бастап,жыл аяғын 80 оқушымен аяқтадық .Жыл бойы 7 оқушы келіп, 8 оқушы кетті. Келген оқушылар Мырзан Сұлтан 8-сынып, Жаутикбаева Аяла 8-сынып, Қалиұлы Жарқын 8-сынып, Жанат Бейбарыс 3-сынып, Жанат Алдияр 1-сынып, Ауесхан Ақжол 7-сынып, Бақытжанұлы Ернұр 6-сынып. Кеткен оқушылар Алтай Әсел 4-сынып ,Нұрнәби Айым 7-сынып, Лебек Елжас 10-сынып, Қайратұлы Нүрсәт 11-сынып,Бақытжанқызы Ақмарал 11-сынып, Қайролла Гүлдине 10-сынып, Хасен Сұлтан 2-сынып, Жұматайқызы Ұлпан 9-сынып.Сыныптар бойынша көрсететін болсақ жылдық бойынша сапа 65,7%, үлгерім 100%көрсеткіші төмендегідей :
Реті Сыныбы Оқушы саны Озаты Екпіндісі Сапа Үлгерім
1. 1- сынып 7
2. 2- сынып 7 1 4 71,4 % 100%
3. 3- сынып 11 4 4 72,7% 100%
4. 4- сынып 4 2 1 75% 100%
5. 5- сынып 12 1 6 58,3 % 100%
6. 6- сынып 11 3 4 63,6 % 100%
7. 7- сынып 11 5 1 54,5% 100%
8. 8- сынып 8 1 4 62,5 % 100%
9. 9- сынып 4 1 2 75% 100%
10. 10- сынып 3 0 2 66,6% 100%
11. 11-сынып 2 0 2 100% 100%
Барлығы 80 18 30 65,7% 100%
Бірінші сыныпқа қабылдау Жетісу кз порталы арқылы жүзеге асырылды: 6 бала электронды түрде қабылданды.Есепті мерзім ішінде келген-кеткен оқушылардың анықтамалары уақытылы алынып ,НОБД тіркеу өз мәнінде жүргізіліп отырылды.
Мектептің негізгі құжатының бірі күнделік кезет болғандықтан әр аптаның сәрсенбісі сайын тексеріп отырдым. Күнделік кезет өте жақсы жолға қойылды.
Педагог кадрлармен жұмыс.Ақтасты орта мектебі биылғы оқу жылын 28 мұғалім, 2 балабақша тәрбиешісімен бастадық. 28 мұғалімнің 27 жоғарғы, 1 арнаулы орта, 1 магистрант білімдері болса, 1 жоғары, 8 бірінші, 2 екінші , 2 санатсыз, 4 педагог-зерттеуші, 5 педагог- сарапшы, 6 педагог-модератор мұғалімдер .2 балабақша тәрбиешісінің 2 жоғары білімді мамандар.Біреуі І санатты, 1-еуі санатсыз .
Биылғы оқу жылында кезекті аттестаттаудан 3 мұғалім өтеді. Олар: Химия пәнінің мұғалімі Алпарова Гүлзира, мектепалды даярлық сынып мұғалімі Жаутикбаева Гүлшат, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Адасбаев Жанат және кезектен тыс аттестаттауға 5 мұғалім өтініш беріп, 2 мұғалім біліктілік тест тапсырып, бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Сауле педагог-сарапшыға өтті. 30 қараша 2021 жылы Талдықорған қаласына барып тарих пәнінің мұғалімі Аязбаева Гүлнұр біліктілік тест тапсырып, өтпеді.
Жас мамандармен жұмыс
2021-2022 оқу жылында мектепте 2 жас маман бар. Олар математика, информатика пәнінің мұғалімі Әліпұлы Дастан, тәлімгер жетекшісі Нақысбеков Бекмурат, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қасымқан Дастан, тәлімгер жетекшісі Алиасқаров Қанат. Мектепте жас мамандарға сапалы әдістемелік көмек көрсету мақсатында “Тәлімгерлер отауы” Бекмуратова Динаның жетекшілігімен жұмыс жасайды. Жас мамандарға тағайындалған тәлімгерлер жоспарға сәйкес жұмыс жүргізіп келеді.Жас мамандар белсенділікпен аудан тарапынан ұйымдастырылған шараларға қатысты.
“Тәлімгерлер отау” жетекшісі Бекмуратова Динаның 08 ақпан 2022 жылы «Жас мұғалімдер-2022» байқауы өткізді. Байқауға 9 мұғалім қатысты.Нәтижесінде бас жүлдені ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрман Айдана,І орынды тарих пәнінің мұғалімі Мақанбаева Айгүл, ІІ орынды орыс тілі пәнінің мұғалімі Мұқатаева Назгүл, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Маратқызы Гүлзия, ІІІ орынды тарих пәнінің мұғалімі Аязбаева Гүлнұр, математика пәнінің мұғалімі Әліпұлы Дастан, «Шығармашыл ұстаз» номинациясын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қасымхан Дастан, «Жаңашыл ұстаз» номинациясын бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Сауле, «Өнерлі ұстаз» наминациясын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әлімақын Аманжол жүлделі орындар алып, заттай сыйлықтармен марапатталды.
Баспасөзге мақала жариялау дұрыс жолға қойылған. Көптеген мұғалімдердің мақаласы аудандық, облыстық, Республикалық журналдарға жарияланды.
1 желтоқсан 2021 жылы тарих пәнінің мұғалімі Мақанбаева Айгүлдің аудандық «Қарқара» газетіне «Заңды білу заман талабы» тақырыбында мақаласы жарық көрді.
2021 жылдың 21 желтоқсанда қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекмұратова Динаның «Арт-терапия технологиясы арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудағы түзете-дамыту жаттығуларының ролі» тақырыбында авторлық бағдарламасы жарық көрді.
26/06-2/07-2021 аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығынан «Развитие профессионхльной компетенций учителя русского языка» тақырыбы бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі Абыканова Нұргүл , «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимкулова Айша, «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» тақырыбы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Ашкеева Света, «Математика мүғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» ,тақырыбы бойынша математика
пәнінің мұғалімі Әліпұлы Дастан, «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша биология пәнінің мұғалімі Мұстафаева Индира, 21-31/2021 жыл аралығында «Жаңартылған бағдарлама-заман талабы» тақырыбы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қасымхан Дастан , 23,24 ақпан күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығынан «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша 16 академиялық сағат көлемінде семинар-практикумге физика пәнінің мұғалімі Сәдирмекова А, математика пәнінің мұғалімдері Нақысбеков Б, Әліпұлы Д, химия пәнінің мұғалімі Алпарова Г,биология пәнінің мұғалімі Мұстафаева И, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан 10.01-2022 жылы "Өзін-өзі тану " пәнінен ғылыми -әдістемелік негіздері және рухани- адамгершілік білім берудің өзектілігі" 80 сағат тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Байбекова Қарғаш, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында 23,24 .02. 2022 жылы "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" 16 сағат тақырыбында информатика пәнінің мұғалімі Нақысбеков Бекмурат ,математика пәнінің мұғалімі Әліпұлы Дастан, химия пәнінің мұғалімі Алпарова Гүлзира, физика пәнінің мұғалімі Садирмекова Аийда, биология пәнінің мұғалімі Мұстафаева Индира , "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығынан 8.04.2022 жылы "Интегративті тәсіл және пәнаралық синтез негізінде шағын жинақталған мектептің оқу- тәрбие процесін ұйымдастыру" 80 сағат тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Ақынбай Гүлім, "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығынан 28.04-2022 жылы "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту" 72 сағат тақырыбында шағын орталығының тәрбиешісі Алғожаева Майгүл, Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығынан 29.04-2022 жылы "Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшінің ата-анамен байланысын ұйымдастыру" 80 сағат тақырыбында химия пәнінің мұғалімі Алпарова Гүлзира, биология пәнінің мұғалімі Мұстафаева Индира ,Қазақ академиясынан 30.04 .2022 жылы Республикалық «Кемел-Ұстаз " атты сабағына қатысып "Заманауи жаңа технологияға бағытталған программаларды меңгеру және жаңа сапалы әдіс -тәсілдерді сабақтарда қолдану" 72 сағат тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Байбекова Каргаш, Керимкулова Айша,Маратқызы Гулзия, химия пәнінің мұғалімі Алпарова Гүлзира, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрман Айдана курстан өтті.13-20 қыркүйек аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығынан онлайын «Цифрлық сауаттылық» тақырыбы бойынша 28 мұғалім толық курстан өтті.
Әдістемелік жұмыс. Жыл бойы 7 педагогикалық кеңес, 9 кіші педагогикалық кеңес, 5 әдістемелік кеңес 36 директор жанындағы кеңес өткізіліп, хаттамалары жазылып,құжаттары жинақталды. 31 тамыз 2021 жылы педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекіту, 2021-2022 оқу жылының қорытындысы, жаңа оқу жылының міндеттері, мектептің 2021-2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарымен таныстыру,бекіту, мұғалімдердің оқу жүктемелерге, әдістемелік бірлестік жетекшілерін, пән кабинетінің меңгерушілерін, сынып жетекшілер, қоғамдық ұйым жетекшілерін, жас мамандарға тәлімгерлер бекіту.
08 қараша 2021 жылы педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде 2021-2022 оқу жылының І тоқсаны бойынша 1-11 сынып оқушыларының білім сапасы, жалпыға бірдей міндетті оқу заңының орындалуы туралы, оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою жұмысының барысы, «Оқуға құштар мектеп» жобаның барысы.
24 қараша және 29 желтоқсан 2021 жылы кіші педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде мектепшілік, аудандық, «Дарын», «Зерде» ғылыми-жоба жарысының қорытындысын талдау, қараша айындағы мектепшілік тексерулер, апталықтардың өтілу барысы, оқу- тәрбие процесін жақсартуда ата-ананың белсенділігі , оқушылардың жеке іс-қағаздарының дұрыс толтырылуын тексеру , кітапханашының І жарты жылдықта атқарған жұмысының есебі,оқушыларды әдеби кітапқа тарту деңгейі, желтоқсан айындағы мектепшілік тексерулер қорытындысы, апталықтардың өтілу барысы БЖБ және ТЖБ-ның орындалуы.
Қараша айының 20 күні әдістемелік кеңес өтті.Күн тәртібінде:1 «Кері байланыс және рефлексияны дұрыс беру арқылы оқушылардың білім сапасын арттырудың жолдары» (колучинг)2. «Жас талап» дарынды балалар жұмысының қорытындысы (аудандық, ғылыми жоба байқауының қорытындысын талдау және мектепшілік пәндік олимпиадасының қорытындысы)3. 4,5- сыныптардың білімін тексеру қорытындысы, 11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық барысын бақылау, сабақтарға қатысу, талдау нәтижесі. 4. Мектеп үйлестірушісінің есебі. Бірінші мәселе бойынша білім сапасын арттыру жолдары туралы Керімқұлова өз ойын ортаға салды.Екінші мәселе бойынша Керімқұлова мектепшілік, аудандық ғылыми жоба, олимпиада қорытындысы туралы айтып өтті.Үшінші, төртінші мәселелер бойынша сарапшылар 4,5- сыныптардың және 11- сыныптардың сабақтарына қатысып ҰБТ –ға дайындық барысын , білімдерін тексерді. Төртінші мәселе бойынша мектеп үйлестірушісі А.Керімқұлова І жарты жылдық бойынша атқарған жұмысы туралы айтты.
10 қаңтар 2022 жылы педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде І жарты жылдық қорытындысы, жұмысның тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында мектеп қызметкерлерінің рейтингі қорытындысы, лауазымдық міндеттерінің дұрыс атқарылуы жөніндегі әскери жетекші Алиасқаров Қанаттың лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқарған жұмыстары жайлы есебі , денсаулығында ақауы бар балалармен жүргізілген профилактикалық жұмыстар , сауығу көрсеткіштері жайлы логопед Байбекова Қарғаш, дефектолог Маратқызы Гүлзияның есептері.
Әдістемелік жұмыстар бойынша. Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуде 4 пән бірлестіктері құрылған. Олар: «Гуманитарлық» пәндер бірлестігі, «Жаратылыстану» пәндер бірлестігі, «Техникалық» пәндер бірлестігі , «Бастауыш сынып» пәндер бірлестігі.Мектеп директорының бұйрығымен пән бірлестіктері мен жетекшілері бекітілген. 3 бірлестіктердің іс құжаттары толық. «Техникалық» пәндер бірлестігінің құжаттары әлі ретке келмеді.
Ашық сабақтардың өтілуі : Жыл бойы 30 ашық сабақ жоспарланып өтті. Бірлестік отырысында талданып, бағаланды. 16 «үлгілі», 14 «жақсы» деп бағаланды. Жыл бойы 9 апталық жоспарланған. Барлығы толық өтті. Атап айтқанда қыркүйек айында «Отан оттан да ыстық» (20-25.09-2021) тақырыбында қазақ тілі апталығы өтті. Апталық іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. 21 қыркүйек күні «Ана тілі- жүрек үні » көрме , пән иесі Мақанбаева Айгүл , 22 қыркүйек күні 9-11 сыныптар арасында «Тіл тағдыры-ел тағдыры» дөңгелек стол , пән иесі Маратқызы Гүлзия, 22 қыркүйек күні 9-11-сыныптар арасында «Сөз –зерде» зияткерлік сайыс өткізілді, пән иесі Сабырбекова Гүлбақыт, 23 қыркүйек күні 5-7 сыныптар арасында «Тіл-ұлттың жаны» жарыс сабақ, пән иесі Бекмұратова Дина, 24 қыркүйек күні 5-9 сыныптар арасында поэзия минуты байқауы , пән иесі Байбекова Қарғаш, 25 қыркүйек күні 6-10 сыныптар арасында «Тілге құрмет-елге құрмет» шығарма байқауы және апталықты қорытындылап,оқушыларды марапаттады.Пән иесі Байбекова Қарғаш .Бірлестік отырысында талданып, « жақсы» деп бағаланды. Қазан айында «Математика- ақыл ойдың әуені» (18-23.10-2021) тақырыбында математика, информатика,физика апталығы өтті. Апталық іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. 18 қазан күні 5-11 сыныптар арасында «Ең үздік математик » олимпиадасы, пән иелері Байсемизова Алдихан,Әліпұлы Дастан , 19 қазан күні 6 сынып арасында «Үздік математиктер» интеллектуалды ойыны сыныптан тыс шара , пән иесі Әліпұлы Дастан, 19 қазан күні геометрия пәнінен 8-сыныпта «Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері.Трапециямен үшбұрыштың орта сызықтары» ашық сабақ, пән иесі Байсемизова Алдихан, 20 қазан күні физика пәнінен 7-сыныпта «Жылдамдықтар.Орташа жылдамдықтарды есептеу» ашық сабақ, пән иесі Сәдирмекова Аиида, 21 қазан күні 6-9 сыныптар арасында «Информатика әлемінде» интеллектуалды ойыны сыныптан тыс шара , пән иесі Нақысбеков Бекмурат, 5- сыныпта «Жай бөлшектің негізгі қасиеті» ашық сабақ, пән иесі Әліпұлы Дастан, 22 қазан күні 7-9 сыныптар арасында «Сыйқырлы қақпа» логикалық есептерді шығарудан конкурс, пән иесі Садирбекова Аиида.Апталықты қорытындылап,оқушыларды марапаттады.Бірлестік отырысында талданып, « жақсы» деп бағаланды. Тарих,құқық апталығы 15 -19 қараша 2021 жыл аралығында «Тарих-ғасырлар куәсі» тақырыбы бойынша өтті. Апталық іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. 15 қарашада 5-8-сыныптар арасында «Кім жылдам» тест шешу, пән иесі Мақанбаева, 9-11-сыныптар аралығында «Мен болашақ тарихшымын» тақырыбында эссе жазу ,пән иесі Аязбаева Гүлнұр,16 қарашада 6-сыныпта «Қарахан мемлекеті» тақырыбында ашық сабақ, пән иесі Аязбаева,17 қарашада «Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармаларына библиографиялық шолу», пән иесі Мақанбаева ,18 қарашада 10-сыныпта «Этностардың пайда болуы туралы теориялар» тақырыбында ашық сабақ, пән иесі Аязбаева Г,19 қарашада «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ» қорытынды кеш, пән иесі Мақанбаева А.Бірлестік отырысында талданып, «жақсы» деп бағаланды. Биология, география, химия апталығы 6-10 желтоқсан 2021 жыл аралығында «Білімді, дені сау ұрпақ-еліміздің болашағы» тақырыбында өтті. Апталық іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. 7 желтоқсан күні 7-11 сынып арасында «Химия-ғажайып әлем» тақырыбында танымдық сайыс , пән иесі Алпарова Г, 8 желтоқсан күні «Ғажайып биология» 8-10-сыныптар арасында жарыс,пән иесі Мұстафаева И, 9 желтоқсан күні 7 сыныпта биология пәнінен «Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері» ашық сабақ, пән иесі Мұстафаева И, 10 желтоқсан «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық , көз жетпейтін мұнарасы тым биік» білгірлер сайысы, қорытынды кеш пән мұғалімднрі Калимова С, Мұстафаева И, Алпарова Г. Бірлестік отырысында талданып, «жақсы» деп бағаланды. Бастауыш сыныптар апталығы қаңтар айында «Мәңгілік елдің болашағы білімді ұрпақ» (31-04.02-2022) тақырыбында бастауыш сынып апталығы өтті. Апталық іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. 1 ақпан күні 3-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен «Аққұс туралы аңыз» тақырыбында ашық сабақ, бастауыш сынып мұғалімі Ақынбай Гүлім , 2 ақпан күні 2-4 сыныптарда «Мықты болсаң, тауып көр» тақырыбында жарыс , бастауыш сынып мұғалімі Ашкеева Света,3 ақпан күні 3-4 -сыныптарда «Қызықты математика» тақырыбында интеллектуалды жарыс, бастауыш сынып мұғалімі Қанаева Жазира ,3 ақпан күні 2- сыныпта қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша» тақырыбында ашық сабақ, бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Сауле,1-4 –сыныптар арасында «Әдемі жазуда-өнер» көркем жазу байқауы ,пән иелері, 4 ақпан күні 0-4 –сыныптар арасында «Отан-мен сенің батаң» тақырыбында ертеңгілік ,қорытынды кеш ,мектепалды даярлық сынып мұғалімі Жаутикбаева Гүлшат өткізді. Бірлестік отырысында талданып, «жақсы» деп бағаланды. Мамыр айында «Дені саудың-тәні сау!» (16-19.05-2022) тақырыбында АӘЖТ, музыка, технология, дене шынықтыру пәндерінің апталығы өтті. Апталық іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. 17 мамыр күні 6-10 сыныптар арасында «Ән- көңілдің ажары » байқауы, пән иесі музыка пәнінің мұғалімі Асанов Жандос ,17 мамыр күні 4-8-сыныптар арасында «Жас палуан» жарыс , пән иесі дене шынықтыру пәнінің Қасымхан Дастан, 5 мамыр күні 9-11-сыныптар арасында волейбол, футболдан жарыс өткізілді, пән иесі Бәйділов Қадір, 6 мамыр күні «Мен әскерге дайынмын ба»әскери спорттық ойын, пән иесі Алиасқаров Қанат, 1-4 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы, пән иесі Асанов Жандос. 6 мамыр күні апталықты
Мектеп жетістіктері.2021 жылы 19 тамызда Нүр-Сұлтан қаласында «Білім және ғылым-елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында өткен Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысына қатысып, Республикамыздың түпкір-түпкірінен келген 10 үздік педагогтармен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың қолынан «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін алды.
5 қазан 2021 жылы мұғалімдер күніне байланысты 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуден оқушылары жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекмуратова Дина аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
12 қазан 2021 жылы «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Халықаралық Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн олимпиадасына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Бекмұратова Дина, Байбекова Қарғаш қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
14 қазан 2021 жылы «Ustaz tilegi» бастауыш сынып ұстаздары арасындағы өткізілген онлайн олимпиадасына бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Сауле, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
14 қазан 2021 жылы «Үздік АӘжТД пәні оқытушысы-Ұйымдастырушысы-2021» аудандық байқауға АӘТД пәнінің мұғалімі Алиасқаров Қанат қатысып, жүлделі ІІ орын алды.
3 қараша 2021 жылы «Үздік шетел тілі сабағы» аудандық байқауға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құрман Айдана қатысып, жүлделі ІІІ орын алды.
2021 жылы қазан айында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Байбекова Қарғаш , «Қазақ әдебиеті сабағында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын дамыту» тақырыбы бойынша Республикалық үздік педагогикалық идея авторлық байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
23 қараша 2021 жылы аудандық «Табысты көшбасшы» байқауына мектеп директоры Абыканова Нұргүл қатысып, жүлделі ІІІ орын алды.
3 желтоқсан 2021 жылы бастауыш сынып мұғалімі Қанаева Жазираның «Бастауыш білім беру педагогикасы» бойынша бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
14.12-2021 жыл Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына орай өткізілген «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасына тарих пәнінің мұғалімдері Аязбаева Г, Мақанбаева А, география пәнінің мұғалімі Калимова С, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Байбекова Қ, Керімқұлова А,бастауыш сынып мұғалімдері Қанаева Ж, Ашкеева Светалар қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
15- желтоқсан 2021 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сабырбекова Г Алматы облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай АӘжТД пәнінің мұғалімі Алиасқаров Қанат ауданның ҚІЖББ мадақтама грамотасымен ,Кеген аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
20 желтоқсан 2021 жылы Ы. Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты республикалық қашықтық олимпиадасына қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекмұратова Дина қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақ тілі пәні бойынша ІІ Республикалық қашықтық олимпиадасына қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекмұратова Дина қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды.
28 ақпан 2022 жылы КИО KZ сайтында халықаралық қашықтық олимпиадасына қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекмұратова Дина қатысып І дәрежелі дипломмен, 1 наурыз 2022 жылы 2022 жылы КИО KZ сайтында халықаралық қашықтық олимпиадасына қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбекова Қарғаш қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
16 наурыз 2022 жылы Шоншы ауылына барып, «Бастауыш сыныпта сабақты жоспарлауда оқу мотивациясы төмен оқушылармен жүргізілетін тапсырмалардың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық венинарда іс-тәжірибесін бөліскені үшін Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
31 наурыз 2022 жылы аудандық жас мамандар мен тәлімгерлер арасындағы «Педагогикалық тандем» байқауында жеке кәсіби құзыреттілігі мен жаңашыл идеяларын көрсетіп , жас маман дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қасымхан Дастан және тәлімгері алғашқы әскери пәнінің мұғалімі Алиасқаров Қанат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
19 сәуір 2022 жылы «Жыл психологі-2022» аудандық байқауға психолог Бекмуратова Дина қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.
2022 жылы 13 мамырда TIMSS-2023 халықаралық зерттеуінің апробация кезеңіне дайындық бойынша облыстық үйлестірушілерін , тест өткізуші тұлғаларын және мектеп үйлестірушілерін оқытуға арналған онлайн семинарына қатысқаны үшін қазақ тілі пәнінің мұғалімі Керимкулова Айшаға сертификат берілді.
9 қазан 2021 жылы аудандық «Дарын» ғылыми-жоба жарысына 4 оқушы барып қатысты. Биология пәнінен 9-сынып оқушысы Кеңесжан Айтолқын, пән иесі Мұстафаева Индира, орыс тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Сайлаубай Лаура, пән иесі Мұхатаева Назгүл, ағылшын тілі пәнінен 9-сынып оқушысы Сайлаубекқызы Жанерке, пән иесі Құрман Айдана, қазақ тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Ғалымқызы Айжан, пән иесі Сабырбекова Гүлбақыт. 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: Биология пәнінен 9-сынып оқушысы Кеңесжан Айтолқын І орын алып, жұмысы облысқа жіберілді. Қазақ тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Ғалымқызы Айжан ІІІ орын иеленді.
22-25 қазан 2021 жылы «Үздік бастауыш сынып оқушысы» қашықтық олимпиадасына қатысып, 1-сынып оқушылары Кеңесжан Айтұмар, Байжұма Талғат,Марат Еркеназ, Тоқтар Қасиет,2-сынып оқушысы Кеңесжан Аңсар, 4-сынып оқушысы Сағымжан Назерке І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
24 қазан 2021 жылы Республикалық www.sabaq.kz ұстаздарға арналған танымдық әдістемелік сайты өткізген математика пәнінен оқушылар арасында қашықтық олимпиадасына 4-сынып оқушысы Бақберсінқызы Аяна қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән иесі Ашкеева Света
2 қараша 2021 жылы «Ер Едіге» жырын жатқа айтудан аудандық байқауға 7-сынып оқушысы Есқалиқызы Інжу қатысып, жүлделі ІІ орын алып, облысқа жолдама алды.
4-8 қараша аралығында мектепшілік олимпиада өтіп, І орын алған 8 оқушының жұмысы аудандық олимпиадаға жіберілді. Атап айтсақ математика пәнінен 10-сынып оқушысы Ғалымқызы Айжан ,пән мұғалімі Байсемизова Алдихан, орыс тілі пәнінен 9-сынып оқушысы Жұматайқызы Ұлпан ,пән мұғалімі Мұқатаева Н, қазақ тілі пәнінен 9 -сынып оқушысы Сайлаубекқызы Жанерке, пән мұғалімі Сабырбекова Гүлбақыт, ағылшын тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Сайлаубайқызы Лаура , пән мұғалімі Құрман А, тарих пәнінен 9-сынып оқушысы Аманбек Еңлік ,пән мұғалімі Аязбаева Гүлнұр , информатика пәнінен 11-сынып оқушысы Тельман Рамазан, пән иесі Нақысбеков Бекмұрат. биология пәнінен 9-сынып оқушысы Кеңесжан Айтолқын, пән иесі Мұстафаева Индира,география пәнінен 10-сынып оқушысы Аманбек Еркебұлан , пән иесі Калимова Советхан. Нәтижесінде 8 оқушының жұмысы сараптама комиссиясының шешімімен аудандық олимпиадаға қатысуға жолдама алды.
12 қараша 2021 жылы мектепшілік “Дарын” Республикалық олимпиадасына 5,6- сыныптар арасында 12 оқушы қатысты. 6- сынып оқушысы Ауғанбайқызы Диана, 5- сынып оқушысы Аманкелді Нәзік (ағылшын тілі), 5-сынып оқушылары Оспанәлі Көркемай, 6-сынып оқушысы Бескемпір Олжас (қазақ тілі), 6-сынып оқушысы Құсайынова Аяулым, 5-сынып оқушысы Құсайын Айару (орыс тілі), 5-сынып оқушысы Аманкелді Сезім, 6-сынып оқушысы Сағымжан Наргиз (Қазақстан тарихы), 6-сынып оқушысы Нұрғали Айзере , 5-сынып оқушысы Тілеуберді Елшат (жаратылыстану), 5-сынып оқушысы Али Нұрасыл, 6-сынып оқушысы Серікбай Кәусар (математика).
26 қараша 2021 жылы осы 12 оқушының ішінде ең жоғарғы 45 балл алған 3 оқушы аудандық Дарын” Республикалық олимпиадасына жіберілді. Олар: 5-сынып оқушылары Оспанәлі Көркемай (қазақ тілі), 6-сынып оқушысы Серікбай Кәусар (математика), 6-сынып оқушысы Нұрғали Айзере (жаратылыстану) .
7 желтоқсан 2021 жылы 5-6 сынып оқушыларына арналған облыстық «Дарын” Республикалық олимпиадасына 6-сынып оқушысы Нұрғали Айзере жаратылыстану пәнінен қатысты.
14.12-2021 жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында оқушылар арасында Қазақстан тарих пәнінен «Тәуелсіз-ел тұғыры» атты өткізілген Республикалық онлайн олимпиадасына 6-сынып оқушысы Серікбай Кәусар қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
14-22 ақпан аралығында аудандық олимпиада өтті.Аудандық олимпиадаға 6 оқушы қатысты. Атап айтсақ математика пәнінен 10-сынып оқушысы Ғалымқызы Айжан ІІІ орын ,пән мұғалімі Байсемизова Алдихан, қазақ тілі пәнінен 9 -сынып оқушысы ІІ орын Сайлаубекқызы Жанерке, пән мұғалімі Сабырбекова Гүлбақыт, ағылшын тілі пәнінен 10-сынып оқушысы Сайлаубайқызы Лаура , пән мұғалімі Құрман А, тарих пәнінен 9-сынып оқушысы Аманбек Еңлік ,пән мұғалімі Аязбаева Гүлнұр , информатика пәнінен 11-сынып оқушысы Тельман Рамазан, пән иесі Нақысбеков Бекмұрат география пәнінен 10-сынып оқушысы Аманбек Еркебұлан ІІ орын , пән иесі Калимова Советхан.
08 ақпанда ауданда 3-4-сыныптар арасында өткен «Мұқағали оқуларына» 2 оқушы қатысып, 4-сынып оқушысы Бақберсін Аяна 1 орын, 4-сынып оқушысы Марат Аруназ ІІІ орын алды.
09 ақпанда ауданда 8-11-сыныптар арасында өткен «Мұқағали оқуларына» 1 оқушы қатысып, 7-сынып оқушысы Есқалиқызы Інжу «Зерек оқушы» номинациясымен марапатталды.
2021 жылы 30 сәуірде «Жасөспірімдер» арасында өткен математика пәнінен Республикалық байқауға 7- сынып оқушысы Серікқызы Шұғыла қатысты.
2021 жылы 7-9 мамырда Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» демалыс орнында Республикалық «Qanat» байқауының ІІІ турына 9-сынып оқушысы Сайлаубекқызы Лаура қатысты.
2022 жылы 13 мамырда TIMSS-2023 халықаралық зерттеуінің апробация кезеңінен 8-сынып оқушылары тест тапсырды.
2021 жылы 19 мамырда Есік қаласында ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік Республикалық олимпиадасына 6 –сынып оқушысы Сағат Інжу қатысып, сертификат алды.
2020-2021 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы
Қазіргі білім санмен емес сапамен өлшенетін уақыт. Сапалы білім саналы ұрпақты қалыптастырып қана қоймайды кейінгілерге үлгі-өнеге болды.
Биылғы 2021-2022 оқу жылында 11-сыныпта 2 оқушы бар. 2 оқушыда шығармашылық таңдап отыр. Мектепте жоспар жасалынып, сол бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аптасына бір реттен сейсенбі күні оқу сауаттылығы, бейсенбі күні Қазақстан тарихы , жұма күні мектепшілік тест алынып, қорытындысы талданып, төмен жинаған пәндерден қосымша жұмыстар жүргізілуде.
26 мамыр күні Есік қаласына барып, 2оқушымыз тест тапсырды. Ермекбай Рүстем 22 балл, Тельман Рамазан 26 балл.Ортақ балл 24 пайызды көрсетті көрсетті.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 24.08. 2021 № 5-18-4/ 3339 – И шығыс хатын басшылыққа ала отырып Ақтасты орта мектебінде 2021-2022 оқу жылындағы Алғашқы қоңырауға арналған «Білім күні» жиыны «Кел,балалар, оқылық!» тақырыбында 1- сынып оқушылары үшін 01 қыркүйек күні ашық алаңда өткізілді. Мектеп басшылығы, сынып жетекшілерге оқушылар мен олардың ата-аналарына Білім күнін өткізудің форматы және санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы толық мәлімет берді. Білім күнімен мектеп директоры Н.Қ. Абықанова оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздарды құттықтап, 2021 жыл тарихқа толы жыл. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл, Ыбырай Алтынсарин атамыздың 180 жылдығы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр»-деп атап айтты. Білім күніне 1-сынып оқушыларна талай шәкірт қолына қалам ұстатып, 42 әріпті үйреткен ардагер ұстаздар әліппе оқулығын табыс етіп,құттықтау тілектерін арнады. Сынып сағаттары тек оқушылардың қатысуымен санитарлық қауіпсіздік шараларды сақтай отырып 2-4 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік ата- бабам аңсаған» тақырыбында, 5-6 сынып оқушыларымен «Біз –тәуелсіз елміз» тақырыбында, 7-8 сынып оқушыларымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» , 9-11сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

«Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау үшін хабарландыру жасалынды. «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының Президентіне үш үміткер тіркелді. Үміткерлер өздерінің сайлау алды бағдарламасымен таныстырып өтті. Барлық оқушылар бір ауыздан «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының Президентіне 9- сынып оқушысы Кеңесжан Айтолқын Қайнарқызына дауыс берді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Калимова «Жас Ұлан» ұйымының оқушыларына сәттілік тіледі. Ақтасты орта мектебінде Кеген ауданының « Білім бөлімі» 24 қыркүйек 2021 жылғы №19 бұйрығын басшылыққа ала отырып «Мұғалімдер күні» мерекесіне іс-шара жоспары жасалынып ,бекітілді.Педагог ұйымдастырушы Г.Ақынбай іс-шара жоспарын ұжым мүшелеріне таныстырды.Ұстаздар мерекесі қарсаңында 8-10 сынып оқушылары «Менің сүйікті ұстазым» тақырыбында ұстаздарына хат жазды. 4- қазан күні оқушыларымен Бәйділов Қадірдің ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы тұлға !» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Сахнаға мерекеге арнап шығарылған газеттер, нақыл сөздер,түрлі түсті шарлар ілініп, сахна мерекеге сай безендірілді 04.10.2021 жыл 9- 11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер « Ұстаз-бала жанының бағбаны» тақырыбында тәрбие сағатын өтті 8-5 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер « Мектеп – білім тірегі, Ұстаз оның жүрегі» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. 5-сынып және 9 сынып оқушылары «Аяулы ұстазым» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды.

6 –қазан күні педагог-ұйымдастырушы Ақынбай Гүлімнің ұйымдастыруымен «Ұстазым-ұлағатты, үлгі өнегем!» тақырыбында ардагер ұстаздармен мерекелік кеш өтті. Сахнаға мерекеге арнап шығарылған газеттер, нақыл сөздер,түрлі түсті шарлар ілініп, сахна мерекеге сай безендірілді.

Қонақтар ұстаздарға, оқушыларға өз тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

25. 10.2021 ж «Жастар ұйымы» жетекшісі Құрман Айдананың ұйымдастыруымен «Ғажайып күз» атты күзгі бал кеші өтті. Мерекелік кешке оқушылар белсене қатысты. 28 қараша 2021 жылғы № 41 бұйрығын басшылыққа ала отырып «Тұңғыш Президент» күні мерекесіне іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді. Педагог ұйымдастырушы Г. Ақынбай іс- шара жоспарын ұжым мүшелеріне таныстырды. Мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мерекенің бірі- тұңғыш Президент күнінің маңызы ерекше. 1-4 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер «Ел таңдаған Елбасы» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. 5-6 сынып оқушыларымен «Елбасы –ұлт мақтанышы» тақырыбында, 8-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілер «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. Оқушыларға Елбасының өмірі мен даңғыл жолы туралы толық ақпарат берілді.

«Н. Назарбаев тұлға және саясаткер » тақырыбында А. Мақанбаеваның ұйымдастыруымен кітапханамызда көрме өтті.
Оқушыларға Елбасының өмірі туралы ақпарат берілді. « 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» қарсаңында «Елі сүйген- Елбасы» тақырыбында шара өткізілді. Шара барысында оқушыларға видеороликтер мен презентациялар көрсетілді. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Бас жүлдені 10- сынып оқушылары иеленді.


Мерекелік күндерге кезекшілік ұйымдастырылды.
02.12. 2021 «Жастар ұйымы» жетекшісі Құрман Айдананың ұйымдастыруымен 7-10 сынып оқушылары арасында «Жайдарлы Жасұлан Жайдарман» тақырыбында КТА ойыны өткізілді. Іс- шара өте көңілді өтті. Бас жүлдені 7- сынып оқушылары иеленді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 16- желтоқсан мерекесіне «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік» атты іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді. Педагог ұйымдастырушы Г. Ақынбай іс- шара жоспарын жасап ұжым мүшелеріне таныстырды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 5- 11сынып оқушылар арасында газет байқауы өтті.

9-11 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы » тақырыбында сынып жетекшілер тәрбие сағатын өткізді. 5-8 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік азаттығым, бақ күнім» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік - тұмарым» тақырыбында сынып жетекшілер тәрбие сағатын өткізді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 16- желтоқсан мерекесіне «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік» тақырыбында іс- шара өткізілді. Шараға ауыл әкімі Ж.Ә. Өмірзақов, мектеп директоры Н. Абықанова құттықтау сөз сөйлеп, мұғалімдер мен оқушыларды марапаттады. «Біздің ел- Қазақстан, болашағы Жас Ұлан» ұранымен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушылар қабылданды. Мереке күніне мұғалімдер арасында кезекшілік ұйымдастырылды. Кезекшілік кезінде тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ. 27.12.2021 жыл «Қош бол, сүйікті ӘЛІППЕ! » тақырыбында 1- сынып оқушыларына арналған мереке салтанатты түрде өтті. Мерекеде 1- сынып оқушылары «Әліппеге» арнаған тақпақтарын оқып, өлең айтып, би биледі. Білімділікке, жақсылыққа, мейірімділікке үйреткен «Әліппеге» жылы сөздерін айтып, қоштасты. «Алғыс айту» күніне іс-шара жоспары жасалынды. Жоспарланған жұмыстар толығымен орындалды. 18.02.2022 оқу жылы педагог ұйымдастырушы Г. Ақынбайдың ұйымдастыруымен апталықтың ашылуы өтті. Сонымен қатар «Алғысым шексіз сіздерге!» тілек бұрышы ұйымдастырылды.

1- наурыз «Алғыс айту» күніне арналған «Шынайы жүректен» тақырыбында қабырға газеті шығарылды. «Ата-анама мың алғыс!» тақырыбында 6-7 сынып оқушылары шығарма жазды. 22.02.2022 жылы 1-5 сыныптарда «Кімге алғыс айтар едіңіз?» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 10-11 сынып оқушыларымен «Жақсы сөз- жан жадыратады» тақырыбында тәрбие сағаты . «Жаныңда жүр жақсы адам » ата-анаға,ұстаздарға,достарына онлайн видеоролик жолдады.

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне мемлекет басшысының ағымдағы жылғы қаңтарда белгіленген басымдықтарды түсіндірумен және қазіргі заманғы қазақстандық әйелдің адал еңбек адамы ретіндегі мәртебесін елдің одан әрі әлеуметтік –экономикалық дамуы жағдайындағы оның жаңа рөлін нығайту әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқаруға тарту, отбасы мен некенің оң бейнесін дәріптеу мақсатында жаңа Қазақстанды құруға бағытталған идеялық-мазмұнда іс-шара жоспары бекітіліп, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.
2- наурызда мемлекет басшысының «Балалар жылы» деп жариялануына байланысты балалардың құқықтары мен мудделерін қорғау саласындағы өзекті мәселелерді басшылыққа ала отырып 1-11- сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. 9-11- сынып оқушылары « Анамның аялы алақаны» тақырыбында эссе, шығарма жазып, талдау жұмыстары жүргізілді. « Арулар –асыл жандар» тақырыбында 6-10- сынып қыздары мен сынып жетекшілерінің арасында « Көктем аруы-2022» байқауы өткізілді. 10- сынып оқушысы Сайлаубек Лаура мен сынып жетекшісі Маратқызы Гүлзия бас жүлдені жеңіп алып, « Көктем ару-2022» атағына ие болды.





3 наурызда « Әлемнің жарығын сыйладың сен маған » тақырыбындағы жиында «2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы», балалы болу мүмкіндігі жоқ отбасыларды қолдау мақсатындағы «Аңсаған сәби» бағдарламасы туралы, әйелдер мен жастар ушін, партиялық тізімдерге 30 пайыздық квота енгізілгендігі, бұл әйелдердің Парламенттегі және жергілікті өкілетті органдардағы өкілдігін ұлғайтуға мүмкіндік беретіндігі туралы мектеп директоры Н.Қ. Абықанова баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
4 наурызда Құқық пәнінің мұғалімі Г.Аязбаева «Бақытты отбасы –бақытты бала» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ауылымыздағы жалғыз басты ана Терлікбаева Асылхан апа мен 9-10- сынып оқушыларының ата- аналары дөңгелек үстелге белсене қатысты. Құқық пәнінің мұғалімі Г.Аязбаева Отбасылық-тұрмыстық зорлық- зомбылық үшін жазаның қатаңдағаны жалғыз басты аналар үшін қамқорлықтың күшейтілгендігін түсіндіріп өтті.
Мектеп психологы Д.Бекмұратова «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тренинг өткізді.
5 наурызда « Сыйынар ем Ана деген тәңірге» тақырыбында мектеп әкімшілігі мен ауыл әкімінің ұйымдастыруымен ауылымыздағы «Алтын алқа»,«Күміс алқа» көп балалы аналармен кездесу кеші өткізілді.

Тәрбие орынбасары С.Калимова «Әйелдердің қоғамдағы құқықтары мен мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасап, Мемлекет басшысының адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шараларды іске асыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Үкімет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әйелдердің жанжалдарды болдырмауға және реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тең құқылы және жан-жақты қатысуы жөніндегі қарарларын іске асыру бойынша жоспардың қабылданғанын айтып өтті.


Ауыл әкімі кездесуге келген аналарды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар тапсырды. Соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Наурыз» мейрамын тойлау тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 15 наурыз Наурыз –жаңару немесе «Жайлау күні » тақырыбында сурет көрмесі, ұлттық спорттық ойындары ұйымдастырылды. Оқушылар арасында асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, күрестен жарыстар болды. Оқушылардың салған суреттер бағаланып, спорттық жарыстарда жеңген оқушылар марапатталды.






Барлық оқушылар толық атсалысты.
1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай іс- шаралар жоспары жасалынып, сынып жетекшілерге таныстырылды. 25.04.2022 жылы 2-3 сынып оқушыларымен «Татулық-достықтың киелі бесігі», 1-4 сынып оқушыларымен «Береке бастауы бірлік», 5-6 сынып оқушыларымен «Ынтымақ түбі-береке», 7-9 сынып оқушыларымен «Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елміз!», 8-10 сынып оқушыларымен «Достықтың тұғыры бейбітшілік» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. 26.-29.04 «Бір шаңырақ астында» тақырыбында 2- 7 сынып оқушыларымен сурет көрмесі өткізілді. 1- Мамыр Ынтымақ күніне «Бір шаңырақ астында» тақырыбында педагог –ұйымдастырушы Г. Ақынбайдың ұйымдастыруымен мерекелік кеш өткізілді.


Әр ұлттың музыкасы, биі, ұлттық киімін киіп өз өнерлерін көрсетті.Мектеп директоры Н. Абықанова құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды марапаттады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына байланысты іс- шара жоспары жасалынып, сынып жетекшілерге таныстырылды. Қарулы күштердің 30 жылдығына орай 04.05.2022 жылы 5-6-7 сынып оқушыларымен «Әке көрген -оқ жонар», 8-9-10 сынып оқушыларымен «Жас ұланы елімнің», бастауыш сынып оқушыларымен патриоттық сабақтар өткізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына байланысты 02-06. 05 күндер аралығында мектеп кітапханашысы А. Мақанбаева «Ұрпақтар жадында мәңгілік» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 05.05.22 «Жеңіс туы желбіре» 1- 4 сынып оқушыларымен сынып сағаты, 5- 6 сынып оқушыларымен «Ерлік ешқашан ұмытылмайды», 8-9-10 сынып оқушыларымен «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» тақырыбында танымдық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар Шығыс- Қазақстандық батырлар туралы оқушыларға деректі фильм көрсетілді. 06.05.2022 ШО, МАД тобында «Ұлы Жеңіс – жасасын!» тақырыбында ертеңгілік өткізілді. 2-3 сынып оқушыларымен «Бейбіт күн жасасын әлемде» тақырыбында ерлік сабағы өткізілді. «Ұрпағы ұмытпайтын ұлы Жеңіс!» тақырыбында сурет көрмесі өтті. 06.05.2022 «Өшпес ерлік –ұрпаққа мұра!» тақырыбында жиын өткізілді. 19.05.2022 жыл 4-сынып оқушыларымен «Бастауышым- балбұлағым» тақырыбында мерекелік шара өтті.Оқушылар бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып,өз өнерлерін көрсетті.


Қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алуға байланысты 8-10-сыныпта қыздар арасында "Жыныстық қарым -қатынас арқылы жұғатын аурулар" Қыздар және ата аналар арасында «Қазақтың ұлттық психологиясындағы қыз бала тәрбиесі» атты «Айтуға оңай» тележобасы айдарымен іс шара, қыздардың жеке бас гигиенасы туралы қыздар арасында тренинг өткізілді.

Ата- ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,ата анамен бірлесе отырып,бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу мақсатында Ата-аналармен психоағарту жұмыстары жүргізіліп отырды.


2021-2022 оқу жылында Ақтасты ауылында5 мөлтек аудандарды аралап 0-18 жас аралығындағы балалардың тізімдері алынды. Мектепте оқитыны 80 бала,МАД 9 бала бар екендігі анықталды. Әлеуметтік санаттағы отбасы саны - 31 .Ондағы бала саны – 61 .Көп балалы отбасы саны -12 Бала саны-34 2.Табысы аз отбасы саны - 10, бала саны-3 АСП алатын отбасы саны -4 , бала саны- 8 5.Толымсыз (жартылай жетім) отбасы саны -2, бала саны -3 ,жетім отбасы саны -0 Бала саны -02021-2022 оқу жылына сынып жетекшілерден әр сынып картасы алынып, сол бойынша мектептің әлеуметтік картасы жасалынды.
«Мектепке жол» жалпыхалықтық акциясы бойынша көп балалы және азқамтылған отбасылардағы оқушыларға көмек көрсету үшін демеушілерді тарту, ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастық арасында «Мектепке жол» платформасы туралы кең ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Мектепке жол»аясында «Балаларға қамқорлық» акциясында көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері жалғасын тауып, Нақысбеков Беріктің демеушілігімен Жолан Айдосқа 10 000 ( он мың) теңге көлемінде, әріптесіміз Байбекова Қарғаштың демеушілігімен Жұматайқызы Ұлпанға 5000 теңге көлемінде оқу құралдар алынып берілді. Жаңа жыл мерекесіне орай Сейітбай Ерсанат, Берікұлы Ерсұлтан, Нұрғали Жаңыл, Әліпұлы Дастан, Касымхан Дастан т.б ауыл жастары әлеуметтік санаттағы отбасы балаларына сыйлықтар таратып тамаша мерекелік көңіл күй сыйлап, ата - аналардың алғысына бөленді. 31.12.2021 ж Кеген ауданында әлеуметтік санаттағы (жеті, жартылай жетім)балаларға арналған аудан әкімінің құттықтауы болды. Осы құттықтауға 9- сынып оқушысы Жұматайқызы Ұлпан барды. Балаларға қыстық аяқ киім, сырт киім және тәттілер тапсырылып ыстық ықыластар айтылып, бата беріліп балаларға мейірімділік пен жандарына жылулық сезімі таратылып, балалардың езуіне күлкі үйірілді. Балалардың қамқоршылары аудан әкімшілігіне үлкен алғысын білдірді.


Міндетті білім беру қорынан азқамтылған отбасынан шыққан жартылай жетім, көп балалы және табысы аз отбасынан он балаға (аптечка) дәрі -дәрмек салатын қорап таратылып берілді. Ішінде 100 бет перде, таблеткалар, антисептиктер, дене қызуын өлшейтін құралы бар заттар ата -аналардың қолдарына беріліп құжаттары мен суреттері ауданға өткізілді. Қараша айында міндетті білім беру қорынанбөлінген қаржыға 13 рюкзакоқу құралдарымен және 4 жылы курткалар, 10 қыстық аяқ киімдер санаттағы отбасы балаларына таратылып беріліп, АКТ және хаттама т.б құжаттары аудандық білім бөліміне өткізілді . Қараша айының тоғызыншы жұлдызында әлеуметтік санаттағы 13 оқушыға рюкзак, оқу құралдарымен, 4оқушыға қыстық жылы куртка, 8 оқушыға жылы аяқ киім таратылып берілді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында толық емес отбасынан 5-сынып оқушысы Жасұзақ Рахимамен толымсыз отбасынан 6-сынып

Ата- ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,ата анамен бірлесе отырып,бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу мақсатында Ата-аналармен психоағарту жұмыстары жүргізіліп отырды.


оқушысы Бақытбай Көркемайға тәттілерден сыйлық берілді.





Мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкер А. Сәлімбаева міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға 53 баланы тегін ыстық тамақ ішуін қамтамасыз етіп отыр. Ас мәзірінде балалардың ағзасына пайдалы дәрумендерге бай тағамдар салаттар, шырындар, жемістер берілді. Күнделікті оқушыларға берілетін ыстық тамақ ас мәзірімен берілуін медбике бақылап отырды, сонымен қатар тамақтану ережесінің гигиенасы және тәртібі туралы мағұлматтар беріп тұрды. Балалардың толық тамақтануын әкімшілік кезекші және сынып жетекшілер қадағалап отырды.
Ақпан, наурыз айларында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қ. Байбековамен бірлесе «Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында акция өтті. Онда мектептегі әлеуметтік санаттағы оқушылардың мұқтаждықтары анықталып, оқу құралдар (дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, өшіргіштер, ұштағыштар, сызғыштар, сурет дәптерлер, желімдер, кітап қаптар, дәптер қаптар ) берілді.
Сәуір айында аудандық «Мың бала» олимпиадасының жүлдегерлері облысқа барып, тест тапсыру үшін Жаркент қаласына барып, келуге жол ақысы мен тамақтануына әлеуметтік санаттағы отбасынан 5-сынып оқушылары Аманкелді Сезім мен Аманкелді Нәзікке ауыл мешітінен 10 000 (он мың ) теңге, ауыл азаматтарынан 5 000 ( бес мың ) теңге берілді.
2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында жүргізілген зерттеу бойынша балаларды бақылау нәтижесінде биылғы оқу жылында мектепішілік бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша 8 бала тіркеуге алынды. Оның ішінде 4 бала бастауыш сынып оқушылары, 4 бала жоғары сынып оқушылары. Әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылып, үлгерімі төмен балалар тіркеуге алынып, түзету сабақтары жүргізілуде. Түзету сабағы аптасына 2 рет, бар балалармен жекелей және топтық сабақтар жүргізіледі. Оқушылардың барлығына жеке даму картасы толтырылған. Әр оқушыға сабақ жоспарлары құрылған.
Жүргізілген педагог – дефектолог маманының түзете – дамытуы төмендегідей кезеңдермен өтті.
1. баланың психо-физиологиялық қалпын үнемі және жан-жақты зерттеу.
2. таным әрекеттерінің бұзылу белгілерін, деңгейін анықтау.
1. баланың даму қалыпын ескере отырып қадамдылық бағытта оқыту процессін жүргізу.
2. түзете – дамыту жұмыстарына ата – аналарды енгізу, тығыз байланыста болу.
3. әр жас кезеңіне сәйкес танымдық әрекеттерін дамыту.
4. баланың мүмкіншіліктерін зерттеп, анықтап, «Жеке Дамыту Бағдарламасын» құру.
Баланың отбасындағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлқын, жеке тұлғаның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауға, жаңа ортаға үйренуіне қажетті жағымды қасиеттерін тәрбиелеу.
Оқушылармен түзету жұмыстары жүргізіліп,ойын тапсырмалар,жаттығулар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттері, оқу әрекетінде сабаққа қызығушылығын арттыру жұмыстары жасалынады.Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне және оның дамуын анықтау арқылы қолайлы жағдай қалыптастырылды.Жыл басында есепке алынған оқушылар арасынан тексеру нәтижесінде 2 бала есептен шығарылды. Мектепте алдағы уақытта да жоспарға сәйкесоқушылармен жұмыстар жүргізіледі. 2021-2022 оқу жылында жылдық жоспар құрылып, переспективтік жоспар бекітіліп, және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып,осы стандартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылы 28 мамырдағы №488 қаулысымен бекітілген «Балапан» бағдарламасына сай «Ботақан» шағын орталығы 2021-2022 оқу жылынаҚазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндеттібілім беру стандартына сай «Шығармашылық», «Әлеумет», «Денсаулық», «Қатынас», «Таным» білім салалары бойынша тәрбие-оқу жоспары жасалып,сол бойынша жұмыстар жүргізілуде.Дене шынықтыру сабақтары аптасына 2 рет өткізіліпотырады.
Шағын орталықта қазіргі таңда ата-ана өтініші негізінде штаттық режимде оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырылып, мектеп директорының бұйрығымен 25 бала тіркеліп қабылданды. Балаларға күнделікті жоспардағы жұмыстар өткізілуде. Шағын орталық қызметкерлері медициналық тексеруден, санминимумнан толық өткен,вакцина толық алынды.Шағын орталықта санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай күнделіктіжелдету, күнделікті жуу құралдарын пайдалана отырып, ылғалды әдіспен жүргізіп, деохлор ерітіндісі арқылы тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.
Шағын орталық тәрбиешілері үлгілік стандартқа сай 5 сала бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Шағын орталықта жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналар комитеті сайланып,жаңа оқу жылындағы жұмыс жоспарымен,балалардың күн тәртібемен,күнделікті ас мәзірімен таныстырылды.
Ата-аналарға «Балабақша балаларды күтеді»тақырыбында баяндама оқылды.
9 ақпан М.Мақатаевтың туғаннына 91 толуына орай шағын орталықта «Жырлайды жүрек» атты шара өткізіліп, әлеуметтік желіге жарияланды.
25 ақпан күні «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес наурыз айында Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Шымырлық пен шеберлік күні» шеңберінде «Әке көрген - оқ жонар,шеше көрген-тон пішер» тақырыбында қолөнер байқауы өткізіліп, әлеуметтік желіде жарияланады.
8 Наурыз халықаралық аналар мерекесіне орай шағын орталық тәрюбиеленушілері «Аналар-абзал жандар» атты мерекелік кеш ұйымдастырып, аналарына сый құрметтерін көрсетті.
16 наурыз күні жоспарға сәйкес спорттық ойындарды ойнай отырып, шапшаңдыққа,ептілікке,спортқа деген қызығушылығын арттыру.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында шағын орталық ата-аналарымен және шағын орталық балаларымен бірлесе отырып «Толағай» отбасылық сайысы «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты отбасылық жарыс өткізіліп, жүлделі орындарға ие болған ата-аналар марапатталды.
20 наурыз күні «Қош келдің,әз Наурыз» атты шағын орталық тәрбиеленушілері мен ата-аналардың ұйымдастыруымен мерекелік кешөткізілді. Балаларға Наурыз мерекесінің қалай атап өтетіндігін, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу туралы таныстырылды.
Ата-аналардың қатысуымен балалардыңжыл бойынан алған білімдерін тиянақтап, «Балаларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу»тақырыбында баяндама оқылды.
Жоспарға сай ата-аналар жиналысы өткізіліп, жазғы сауықтыру шаралармен таныстырылып, 1 мауысым балаларды Қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік шара өткізілді.
Ақтасты орта мектебінде АӘТД пән иесі әскери жетекші Алиасқаров Қанат Кеңесжанұлы. І категориялы 13 разрядты, педагогикалық стажы 34 жыл, апталық жүктемесі- 5 сағат.
АӘТД пәні бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес, сабақ жоспары толық жасалған.
2021-2022 оқу жылының басында АӘТД пәнінің оқытылуы туралы оқушылар командаларға бөлініп, бөлімше командирлері тағайындалды. №472 бұйрықтың қосымшасына сай қысқа мерзімді жоспар жасалынды.
Оқушыларға әскери дайындық және патриоттық тәрбие бойынша қосымша сабақтар жүргізіледі. Оқушыларға сабақтан тыс әскери-патриоттық ойындар өткізіліп тұрады.
«Жас сарбаз» үйірмесіне оқушылар толығымен тартылды. Төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығулары жүргізіліп отырады. «Айбын» аудандық жарысына оқушылар толық қатысып,оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
АӘТД кабинеті толық жабдықталған,саптық алаң, спорт қалашығы талапқа сай. Сабаққа оқушыларға бірыңғай формамен қатысу талап етіледі.Оқулықпен оқушылар 100℅ қамтылған.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 03 қарашадағы №05-18-4/3950 хатын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жайлы түсініктеме беріліп, жоспары жасалынды.
«Бөлтірік Атыханұлы» 150 жылдығына арналған оқырмандар конференциясы өткізілді
7 сынып оқушылары жерлес ақынымыз, жыршы Бөлтірік Атыханұлының өмірбаяны, өлең-жырларын, «Азамат болсаң», «Ұрпаққа өсиет» кітаптарын оқи отырып, шығармаларын, нақыл сөздерін жатқа айтып өтті. Заманның аумалы-төкпелі кезінде аты аталмай, еңбегі еленбей қалған халық таланттарының бірі Бөлтірік Атыханұлы мәңгі ұрпақ жадында сақталуы тиіс.
Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары.
... Абай – біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы бізҚазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.....
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясының 1-4 томдары оқушыларға оқуға берілді.







«Plickers» ең қызықты кітапты оқып досыңа бер, қашықтықтан оқу арқылы оқыған кітаптарын әр сынып бір-біріне беру арқылы челендж өткізілді. Тәуелсіздігіміздің 30жылдық мерейтойын атап өту мақсатында 6 сынып оқушылары өздері оқыған кітаптары жайлы түсініктерін айтып өтті.







«Біздің сынып лидері» интерактивті ойын ретінде анықталынып, марапаттар берілді.
«Жаңалықтар жаршысы» 2021жылға мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастырылды. Оқушылар өз еріктерімен «Айгөлек» журналы, «Ұлан» газеттеріне жазылды.
«Жасөспірім және зиянды әдеттер» тәрбие сағаты өткізілді.


«Мәңгілік елімнің бесігін тербеткен Тәуелсіздік! слайдты көрсетілім» жасалынды.










«Дара тұлға Бауыржан Момышұлы» Халық қаhарманының туғанына 110жыл (1910-1982)жылдығын атап өту мақсатында библиографиялық шолу өткізілді, кітаптарынан тақырыптық көрме жасалынды. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру арқылы халық қаhарманының қанатты сөздері, шығармалары кеңінен насихатталынды.













Кітапқа құштар мектеп жобасы аясында 30кітап оқу барысында, «Менің оқыған қызықты кітабым» оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында онлайн сабақ өткізілді.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ» атты мерекелік әдеби кеш өткізілді.
«Ертегі оқып өсеміз» 5-6 сынып оқушыларына 20 минуттық ертегі оқуға кітаптар берілді, отбасылық кітап оқу күні ұйымдастырылды.
2021-2022 оқу жылының қысқы от жағу мерзімін өз мәнінде өткізу мақсатында, «Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 16/04-2021 жылғы №38 бұйрығы, мектеп директорының 16/04-2021 №46 бұйрығы шығып, шара жасалынды. Мектептің терезелері толығымен 2 қабатты, сынған әйнек жоқ. Барлық есік-терезелер жылыланған. Кабинеттерде термометрлер қойылып, бөлме температурасын бақылауда ұстау мақсатында кесте ілінген. Бөлме температурасы қалыпты жағдайда.
Мектептің жылу қазандығында «СНАРРЕ» және «Газолин» маркалы пеш қойылған. Екеуі де ағымдағы жөндеу жұмысынан өткен,қалыпты жұмыс істеп тұр. 10 тонналық сұйық отын сақтайтын 1 цистерна жерге көміліп орнатылған, қосымша 5 тонналық сұйық отын сақтайтын цистерна қойылған. Сырты темірмен қоршалған. Сұйық отын қазандыққа насос арқылы жіберіледі. Лимит бойынша бөлінген 16305 литр сұйық отын толығымен келіп, қабылдап алынды.






Мектеп директоры Н.Абықанова






Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив